Сіздерді Қазақстан Республикасындағы «электрондық әкімдік» жобасының бір бөлігі болып табылатын Көкпекті ауданы әкімінің блогында қарсы алуға қуаныштымын! 


Бүгінгі күні ақпараттық технология біздің күнделікті өмірімізге нық енді және қазіргі кездегі қоғамның құрамдас бөлігіне айналды. Коммуникация құралы ретіндегі Интернет азаматтық қоғам құруда маңызды роль атқарады және мемлекеттік билік органдарының ашықтығын көрсетеді.


Блог Сіздердің біздің аудан туралы толық және шынайы ақпаратты шұғыл түрде алуға, сонымен қатар оған еркін қол жетімділікті қамтамасыз ететіндігіне сенемін.

Кіру Тіркеу
События
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Құрметті аудан тұрғындары!!! Қадірлі жерлестер!!!

         Сіздерді ел тарихындағы атаулы күн еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!

      1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, әлем картасында «Қазақстан» атты тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Ұлттың көп жылдар бойы зарыға күткен, ел арманы болған, сансыз күрестің нәтижесінде қол жеткізген басты тұғыры – Тәуелсіздікке биыл 26 жыл толмақ. Тәуелсіздік бізге, қазіргі бақытты ұрпаққа халқымыздың азаттық жолында ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата бабаларымыздың табанды күресінің арқасында жетті.

      Қазақ жұрты өз елінің, өз жерінің, өз атамекенінің иесі«мен» дейтін кезең туды. Басқа жұртпен жұлдызы да күші де тең болып, екі тізгін, бір шылбырын өзі алған қазақ халқы «Егемендік» деген сөзден Атажұрттың арысы мен берісін естігендей сәт келді. Елімді бодандықтан құтқарам деп, талай боздақ қара жерді жастанған. Әлем тәуелсіз еліміздің арқасында ғана дүниеде қазақ деген ел барын, оның өресі мықты, өрісі кең халық екенін білді. Елімізді әлемге танытуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың енбегі ұшан-теңіз. Дұрыс бағыттағы сыртқы және ішкі саясатының арқасында Қазақстан аяғынан тік тұрды. Сан ғасырлы тарихымыздың ауқымды құрамдас бөлігі- халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрестері еді. Сонау қазақ халқы құрылғаннан бастап шайбанилермен, одан соң жонғарлармен болған қанды шайқастан желтоқсан оқиғасына дейінгі рухты күрестер соның жарқын көрінісі.

        Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің бірі- жас ұрпаққа тарихи оқиғалардың жанды тізбегін, ата-тарихы-қазіргі және болашақ ұрпақ үшінде ұлы тақырып болып қала бермек. Біздің асыл қазыналарымыз, асыл мұраларымызды қайта жаңғырту тәуелсіздіктің жемісі деп танимыз. Ел болашығын ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа аманат етіп жеткізу қазақ жастарының бойына міндет болып жүктеледі. Сондықтан әр қазақ азаматы елі үшін аянбай, адал қызмет етуі қажет. Ол үшін жастар өзін-өзі тану, яғни ұлт болмысын сезіну үшін, ұлттық сананы, ой-өрістерін дамыта түсу үшін төл тарихымызды оқып зерттеп, жан-жақты зерделеуі қажет.

         Ел тәуелсіздігінің тұғырлы болуында көпұлтты аудан халқының да қосқан үлесі зор. Ауыл-аймақтардың жылдан жылға дамып көркейе түсуі осының дәлелі.

ҚЫМБАТТЫ ХАЛАЙЫҚ!!!

        Ауданымыздың әрбір отбасына, әр азаматқа зор денсаулық, бақытты да тыныш өмір, мол табыстар тілейміз! Жұртымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!!

Р.Сағандықов аудан әкімі

Т.Сарманов, аудандық маслихат хатшысы

Читать далее » Пікірлер
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ КӨКПЕКТІЛІКТЕР!

Көкпекті ауданында 16 қараша күні белгілі айтыскер ақын, журналист, зерттеуші, тіршілігінде қаншама еңбектерін жарыққа шығарып, ауданның рухани дамуына қомақты үлес қосқан Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығы құрметпен аталып өтілмекші. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ақын рухына тағзым етуге байланысты іс-шаралар легі аудан көлемінде жыл бойы өтіп жатқаны баршаңызға мәлім.
Жарма ауданының тумасы болған Қалихан Қалиасқарұлы 13 жасынан «бала ақын» атанған. Өзінің шығармашылық жолында екі ауданда тел өскен дара тұлғаның соңғы ұрпаққа қалдырған мұрасы мол. Десек те, өлең сөздің бесігінде тербеліп, ұтқыр ойларын қиыннан қиыстыра білген айтыс өнерінің ақтаңгерінің шығармашылығының басым бөлігі көркейген Көкпектісімен тығыз байланысты. 
Ол өз шығармашылығына Шығыс Қазақ-станның, көрікті өлке Көкпектінің табиғаты мен жер-суының әсемдігін, Қалба тауларының боз жоталарын, оның жан-жануарлары мен өсімдіктер дүниесін арқау етті, олармен сырласа білді. 
Аудандық газет редакциясында қызмет еткен ұзақ жылдарда Қалихан Қалиасқарұлы оның беттерінде өз қолтаңбасын қалдырып, сол кезеңдегі оқырмандарын мағыналы да мазмұнды мақалаларымен сусындатқан. Ақындық өнерге баулып, соңынан ерткен сандаған шәкірттері оның салған сара жолын, шыншылдығын, бәйгеден озып шығып, қолма-қол суырып салатын тапқырлығын таңдана еске алады. 
Құрметті жерлестер! 
Тамаша жазушы, дара ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай, сіздерді шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Қалихан Қалиасқарұлының шығармашылық жолы соңынан өсіп келе жатқан болашақ ақындар үшін жарқын үлгі болсын. Олар Қалихан аталарындай туған елі мен жерін жан-тәнімен сүйетін азаматтар болып өссін!

Р.Сағандықов, аудан әкімі 
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Читать далее » Пікірлер
Ұлттық теңге – Мемлекет келбеті

Құрметті қаржыгерлер!

Қадірлі қаржы саласының ардагерлері!

        Сіздердің кәсіби мерекелерініз – Қаржыгерлер күні мерекесімен ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

         15 қараша экономиканын қаржы секторыныңқызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін атап өтеді. Осы күнді таңдау кездей соқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз – тенгенің 1993 жылдың 15 қарашасынан айналымға енуімен байланысты. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылы 15 қарашада айналымға ұлттық тағылымды тарихында жана бет ашылды. Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруғада да қаржы секторы ұланғайыр орын алады. Еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі халықаралық мәндегі серпімді жобаларды жүзеге асыру, инфлякцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық есімді ынталандыру дәл осы міндеттерді табысты шешумен тікелей байланысты.

            Осы міндеттерді шешуге тәжірибелі, өз ісіне адал берілген білікті мамандар еңбек етеін Көкпекті ауданының қаржылық органдары да лайықты үлестерін қосып келеді. Теңге айналымға енген 22 жыл ішінде ауданның қаржыгерлері де ел экономикасының темірқазығы саналатын теңгенің тұрақтануына елеулі үлес қосты. Сіздердің еселі енбектерініздің арқасында біздің аймағымыз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан еліміздің аса ірі қндірістік орталығы Шығыс Қазақстанның белді бір аудандарының қатарында болып отыр. Алдағы уақытта да осынау биік үдеден көріне беретіндеріңізге сенімдіміз.

            Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан қаржы әлеуетің дамытуға және күшейтуге, кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз.

            Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!

Р.Сағандықов, аудан әкімі

Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Читать далее » Пікірлер
Ешкімде ешқашан ұмытылмас

          Қазан айы басталғалы ауданның егде тартқан қарт адамдары басты назарда. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Аудан әкімі Рамиль Сағындықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев және аудан басшысының орынбасарлары соғыс ардагерлерінің шаңырағында болып, қадірменді қарттарды мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы екі бірдей соғыс ардагері тұратын Ақтас ауылына арнайы ат басын бұрды. Ұлының қолында тұратын соғыс ардагері Нұрмұхамед Ақшалов меймандарды есік алдынан өзі қарсы алды. Биылғы жылы 95 жасқа келген ардагер әлі болса тың. Рамиль Нығметжанұлына бүгінгі жағдайының жақсы екенін жеткізіп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Мереке иесіне жүрекжарды тілегін жеткізген Рамиль Нығметжанұлы – Аға буын өкілдерінің ашық аспан және ел болашағы үшін қажырлы еңбектеріңің арқасында біз тыныш бейбіт өмір сүрудеміз, Сіздердің атқарған еңбектеріңіз қазіргі ұрпаққа үлгі болады, – деп лебіз білдіріп, мерекелік сыйлық табыстады. Құттықтау қабылдаған Нұрмұхамед ақсақал өз кезегінде аудан басшысына алғысын жеткізіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін әкім Ұлы Отан соғысының ардагері Елеусіз Кинбаевтың шаңырағында болды. Қанды майданды өткерген ардагер ағымдағы жылы 92 жасқа толған. Аудан басшысы ақсақалмен амандасып, отбасына береке мен бақыт тіледі. Қарт жауынгерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отыра, сый-сияпат көрсетті.
– Қарияларға қамқор болу – барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз. Ардагер ата-әжелер- мемлекетiмiздiң алтын қоры, игі iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Қазыналы қарттарға құрмет көрсету жұмыстары аудан көлемінде ұйымдастырылып келеді. Мереке аясында барлық мекемелер зейнет жасындағы байырғы әріптестеріне сый-сияпат көрсетуде. Бүгін міне, ауданымыздағы батагөй ақсақалды мерекесімен құттықтауға келіп отырмыз. Ақсақалға зор денсаулық тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қызығына кенеліп жүре беріңіз,- деді аудан әкімі.
Көкпекті ауылында тұратын соғыс ардагері Петр Цепковты мерекемен құттықтау үшін ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев арнайы үйіне барды. Шуақты жүздесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы соңғы айларда ауданда атқарылған игі жұмыстар туралы әңгіме өрбітті. Сый-құрмет көрсетіп, майдангердің хал-жағдайымен танысты.
Өз кезегінде соғыс ардагері майданда бастан кешкен оқиғаларына тоқталды. – Қан майданда ешкім сенімен санасып жатқан жоқ. Оған уақыт та болмады. Есімде жақсы сақталып қалыпты. Жан аяспай кескілесіп жатқан соғыс уақытында 10 ай бойында далада жатқан күніміз болды. Сол жылға жуық уақытта жылы үйде 1 күн қонғанымыз бар. Содан болар естен кетпейді. Қазір кеңшілік заман. Баршылық пен молшылық. Жастарға тек ел үшін еңбек ету керек, – дейді жеңімпаз майдангер. 
Сондай-ақ, аудан басшысының орынбасарлары Көкпекті ауданында тұрып жатқан басқа да соғыс ардагерлерінің үйіне барып, аудан әкімінің атынан құттықтады. Мерекелік сый-құрмет көрсетіп, бүгінгі жағдайларымен танысып қайтты. Федосова Валентина Степановна, Тұрысбек Садықов, Мүталап Ықласов, Винников Семен Михайлович, Балахонов Павел Яковлевич сынды Ұлы Отан соғысының ардагерлері – біздің асыл қазынамыз. Отанымыздың игілігі үшін ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңіздер!
Отан үшін от кешкен ержүрек ерлеріміздің арқасында біз бүгінде бейбіт өмір сүріп отырмыз. Сондықтан қан майданда қасық қаны қалғанша аянбай ерлік көрсетіп, елі мен жерін қорғаған ардагерлерді ардақ тұтып, алдарында басымызды иеміз.

                

Читать далее » Пікірлер
Бекітілген кестеге сәйкес, әр айдың бірінші дүйсенбісінде Көк-пекті ауданының әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарды қоя алады.

2 қазан күні аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы қабылдауына тіркелген азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне құлақ түрді. Мәселен әкім қабылдауында болғандар қазірігі таңда баспана жалдап тұрғандары, үй кезегінде кезекте тұрғандарын, «екі қолға бір күрек» дегендей аудан әкімі тарапынан жұмысқа орналастыруға және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша болды. 
Қабылдау кезінде Преображенка ауылынан келген азаматша Нәзипа Бытымбаеваның мәселесі, Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында дәрігер болып қызмет атқаратын ұлы Қайрат Молдашовқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін несие туралы болды. Бұл сұрақтың жауабын қаржы және экономика бөлімінің орынбасары Азамат Мәкенов егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
– Бұл қаражат мәселесі келесі жылы шешімін табады. Керекті құжаттарды қазірден бастап өткізе беруіңізге болады. Ол облыстан бөлінетін қаражатқа байланысты шешіледі. Сізден басқа екі жыл күтіп жүрген азаматтар да бар, – деп түсіндірді бөлімнің орынбасары. 
Сондай-ақ, қабылдауда болған Көкпекті ауылының тұрғындары Г.Көшімбаева мен Г.Жақиянованың мәсе- лелері тұрғын үй және үйді жекешелендіру болды. Жағдаймен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді. 
Сонымен қатар, 4 қазан күні аудан әкімі Рамиль Сағандықов Самар ауылдық округінде қабылдау жүргізді. Қабылдауға жазылған самарлықтардың да шешілмеген мәселелері тұрғын үй, жас мамандарға жасалатын көмек тұрғысындағы сұрақтар болды.
Аудан әкімінің қабылдауында болған аудан тұрғындарының түйткілді сауалдары жан-жақты қаралып, оларға тұщымды жауаптар берілді. Заң талабына сай келетіндерге ретіне қарай жағдай жасалатыны айтылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ,
Қанат АПСАДЫҚОВА

Читать далее » Пікірлер
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі ардагерлер! Дәстүр бойынша 1 қазанда бүкіләлемдік қауымдастық Ха-лықаралық қарттар күнін атап өтеді.

Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал сая-сатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл–ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.
Біз, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз. Ендігі жерде біздің перзенттік парызымыз – тек мерекелерде ғана емес, сіздерді әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету. Жыл сайын біз қарттарға арналған әлеуметтік қызмет түрлері мен көмек жолдарын жетілдіруге ерекше маңыз беріп келеміз. Ардагерлерге арналған мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығая түсуде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімдері жетілдіруде. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, олардың тұрғын үй мұқтаждығына да ерекше көңіл бөлінуде.
Қымбатты ардагерлер!
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық 
мәслихат хатшысы

Читать далее » Пікірлер
Жалыңдаған жастар еліміздің ертені

11 қазан күні аудан əкімшілігінің ғимаратында жастар мəслихатының депутатарына салтанатты түрде төс белгілері жəне төл құжаттары тапсырылды. Аталмыш іс-шараға аудан əкімі Р.Сағандықов қатысып, жастарды құттықтады. Жиынға ауылдық округтерден жастар саясатынының мамандары жəне жастар мəслихаттарының депутаттары қатысты. Жастар мəслихаты депутатарын сайлау бойынша толық ақпарат берілді. Сайлауда белсенділік танытып, өтуіне ат салысқан азаматтар облыс əкімінің орынбасары атынан алғыс хатқа ие болды. Жастар саясатының мамандарына жəне жастар мəслихаттының депутаттарына тиісті тапсырмалар берілді.

Читать далее » Пікірлер
Инклюзивті білім берудегі әдісті қосымша білім беру тәжірибесіне еңгізу

Инклюзивті білім беру мектептік және қосымша білім беру тәжірибесіне белсенді түрде енгізілуде, ол педагогикалық бағытты енгізудің жаңа қағидаларын ұсынады. Педагогтар инклюзивті білім идеяларын қолдай әрі іске асыра отырып, инновациялық режімде әрекет етеді.

2016 жылдың 26 қазан аралығында  әдістемелік күннің жоспары бойынша «Балалар өнер мектебінің»  «Жас суретшілер» үйірме жетекшісі Киякпаев Равиль Ришадұлымен және тоқыма үйірмесінің жетекшісі  Оразгалиева Ғалия Есімханқызы, Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  шебер-сыныптарын  өткізді. Шебер-сыныптарына аудандағы әлеуметтік қызметкерлері мен әлеуметтік мамандар әдіс-тәсілдермен алмасты. Шебер-сынып барысында келесі оқушылар белсенділік көрсетті:  Кулекенов Темирлан, Дюсюпов Артем, Бойченко Кирилл, Чукеев Расул, Кошелева Алина, Кожаева Малика.

Балалар өнер мектебі  үйірме жетекшілерінің бірлескен жұмысы баланың жағымды қасиеттерін дамыту үшін жайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Инклюзивті білім берудегі өзара әрекеттестік  және үйірме жетекшілерінің бірлескен жұмысы болашақта жалғасады.

Читать далее » Пікірлер
РУХАНИ КЕЛІСІМ-БЕЙБІТШІЛІК ТІРЕГІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ-БЕЙБІТШІЛІК ТІРЕГІ

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіл әлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Елбасымыз тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз Жолдауларында: «Кез-келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көпұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіл әлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін», – деген ойларымен білдіріп отырды.

Бүгінде осы игі бастамаға еліміздің барлық аймақ-тарында қолдау көрсетіліп, түрлі іс-шаралар аталып өтіледі. Бұл мереке біздің қазақ халқы үшін атаулы күн. Себебі ата-бабаларымыз әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде жасап жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әртүрлі мәдениеттің өкілдері бар. Олар өздерін еркін сезініп, бейбіт өмір сүрулері қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлылықтың арқасында. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиет ата-бабаларымыздың қанынан дарыған. Исламға дейінгі түркілердің далалық заңдарында бір адам қылмыс, болмаса қателік жасайтын болса, ол бүкіл рудың намысы болып саналатын. Сонымен қоса, бір адам қиыншылыққа тап болса оған бүкіл ел болып жұмыла көмек беретін. Міне, осы жақсы қасиеттер қазақ халқының бойынан кейін Ислам дінін қабылдаған соң да жоғалмай керісінше дамып, қуаттана түсті. Ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран мен хадис арқылы дамыса, кейін ол Ахмет Яссауи бабамыздың еңбегі арқылы дарыды. Бүгінде жаһандану заманында осы адами құндылығымызды бойымыздан жоғалтпай ұстау біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылықты көптеген халықтардың бойынан табу қиын. Осы асыл адамгершілік принциптеріміздің арқасында бүгінде елімізде тыныштықпен ынтымақтастық орнауда. Сондықтан, біз үшін бұл атаулы күннің маңызы зор. Біздің ауданда да бірнеше ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ынтымағын біз күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз.

Отбасындағы, тіпті ұжымдағы ынтымақ пен келісім мемлекеттің дамуына ықпал етеді. «Отбасы – шағын мемлекет» деп тегін айтпаса керек-ті. Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді. Бұл Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясының өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдегенін айғақтайды.

Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!

Р.Сағандықов,аудан әкімі

Читать далее » Пікірлер