Сіздерді Қазақстан Республикасындағы «электрондық әкімдік» жобасының бір бөлігі болып табылатын Көкпекті ауданы әкімінің блогында қарсы алуға қуаныштымын! 


Бүгінгі күні ақпараттық технология біздің күнделікті өмірімізге нық енді және қазіргі кездегі қоғамның құрамдас бөлігіне айналды. Коммуникация құралы ретіндегі Интернет азаматтық қоғам құруда маңызды роль атқарады және мемлекеттік билік органдарының ашықтығын көрсетеді.


Блог Сіздердің біздің аудан туралы толық және шынайы ақпаратты шұғыл түрде алуға, сонымен қатар оған еркін қол жетімділікті қамтамасыз ететіндігіне сенемін.

Кіру Тіркеу
Өмірбаяны

Сағындықов Рамиль Нығметжанұлы

Көкпекті ауданының әкімінің орынбасары
26 наурыз 1967 жылы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша аяқтаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

06.1984-08.1984 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының жұмысшысы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
08.1984-05.1985 жж – Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтының студенті, Семей қаласы.
05.1985-05.1987 жж – Кеңес әскері қатарындағы қызмет, Владивосток қаласы.
08.1987-06.1991 жж – Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтының студенті, Семей қаласы.
08.1991-07.1994 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының мал дәрігері, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
07.1994-06.1995 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының меңгерушісі, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
06.1995-12.1997 жж – «Шегелек» АҚ бас мал дәрігері, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
12.1997-03.1998 жж – «Шегелек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маман дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
03.1988-01.2000 жж – «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
01.200-03.2000 жж – «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушысы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
03.2000-06.2010 жж – «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы.
06.2010 -08.2011 – Үлкенбөкен селолық округінің әкімі
08.2011 жылдан бастап Көкпекті ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 174 өкімімен Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылдың 27 желтоқсанынан бастап облыс әкімі Д.Ахметовтың  өкімімен Көкпекті ауданы  әкімінің міндеті жүктелген.