Сіздерді Қазақстан Республикасындағы «электрондық әкімдік» жобасының бір бөлігі болып табылатын Көкпекті ауданы әкімінің блогында қарсы алуға қуаныштымын! 


Бүгінгі күні ақпараттық технология біздің күнделікті өмірімізге нық енді және қазіргі кездегі қоғамның құрамдас бөлігіне айналды. Коммуникация құралы ретіндегі Интернет азаматтық қоғам құруда маңызды роль атқарады және мемлекеттік билік органдарының ашықтығын көрсетеді.


Блог Сіздердің біздің аудан туралы толық және шынайы ақпаратты шұғыл түрде алуға, сонымен қатар оған еркін қол жетімділікті қамтамасыз ететіндігіне сенемін.

Кіру Тіркеу
Жетістіктері мен наградалары

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi
атақтары

ҚР Президентінің 1999 жылы желтоқсанның 14-дегі Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;

ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған;

ҚР Президентінің 2001 жылғы желтоқсанның 3-дегі Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды;

ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт істері комитетінің 2004 жылғы 26 мамырдағы бұйрығымен «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» атағы берілді;

ҚР Президентінің 2005 жылғы тамыздың 25-дегі Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды;

ҚР Президентінің 2005 жылғы қарашаның 8-дегі Жарлығы бойынша «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалімен наградталды;

ҚР Президентінің 2007 жылғы желтоқсанның 7-дегі Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен наградталды;

ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 қаршадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталды;

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2014 жылғы 25 ақпандағы №015 қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталды;

ШҚО Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 23/203-V шешімен «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді