Сіздерді Қазақстан Республикасындағы «электрондық әкімдік» жобасының бір бөлігі болып табылатын Көкпекті ауданы әкімінің блогында қарсы алуға қуаныштымын! 


Бүгінгі күні ақпараттық технология біздің күнделікті өмірімізге нық енді және қазіргі кездегі қоғамның құрамдас бөлігіне айналды. Коммуникация құралы ретіндегі Интернет азаматтық қоғам құруда маңызды роль атқарады және мемлекеттік билік органдарының ашықтығын көрсетеді.


Блог Сіздердің біздің аудан туралы толық және шынайы ақпаратты шұғыл түрде алуға, сонымен қатар оған еркін қол жетімділікті қамтамасыз ететіндігіне сенемін.

Кіру Тіркеу
События
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Құрметті аудан тұрғындары!!! Қадірлі жерлестер!!!

         Сіздерді ел тарихындағы атаулы күн еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!

      1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, әлем картасында «Қазақстан» атты тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Ұлттың көп жылдар бойы зарыға күткен, ел арманы болған, сансыз күрестің нәтижесінде қол жеткізген басты тұғыры – Тәуелсіздікке биыл 26 жыл толмақ. Тәуелсіздік бізге, қазіргі бақытты ұрпаққа халқымыздың азаттық жолында ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата бабаларымыздың табанды күресінің арқасында жетті.

      Қазақ жұрты өз елінің, өз жерінің, өз атамекенінің иесі«мен» дейтін кезең туды. Басқа жұртпен жұлдызы да күші де тең болып, екі тізгін, бір шылбырын өзі алған қазақ халқы «Егемендік» деген сөзден Атажұрттың арысы мен берісін естігендей сәт келді. Елімді бодандықтан құтқарам деп, талай боздақ қара жерді жастанған. Әлем тәуелсіз еліміздің арқасында ғана дүниеде қазақ деген ел барын, оның өресі мықты, өрісі кең халық екенін білді. Елімізді әлемге танытуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың енбегі ұшан-теңіз. Дұрыс бағыттағы сыртқы және ішкі саясатының арқасында Қазақстан аяғынан тік тұрды. Сан ғасырлы тарихымыздың ауқымды құрамдас бөлігі- халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрестері еді. Сонау қазақ халқы құрылғаннан бастап шайбанилермен, одан соң жонғарлармен болған қанды шайқастан желтоқсан оқиғасына дейінгі рухты күрестер соның жарқын көрінісі.

        Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің бірі- жас ұрпаққа тарихи оқиғалардың жанды тізбегін, ата-тарихы-қазіргі және болашақ ұрпақ үшінде ұлы тақырып болып қала бермек. Біздің асыл қазыналарымыз, асыл мұраларымызды қайта жаңғырту тәуелсіздіктің жемісі деп танимыз. Ел болашығын ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа аманат етіп жеткізу қазақ жастарының бойына міндет болып жүктеледі. Сондықтан әр қазақ азаматы елі үшін аянбай, адал қызмет етуі қажет. Ол үшін жастар өзін-өзі тану, яғни ұлт болмысын сезіну үшін, ұлттық сананы, ой-өрістерін дамыта түсу үшін төл тарихымызды оқып зерттеп, жан-жақты зерделеуі қажет.

         Ел тәуелсіздігінің тұғырлы болуында көпұлтты аудан халқының да қосқан үлесі зор. Ауыл-аймақтардың жылдан жылға дамып көркейе түсуі осының дәлелі.

ҚЫМБАТТЫ ХАЛАЙЫҚ!!!

        Ауданымыздың әрбір отбасына, әр азаматқа зор денсаулық, бақытты да тыныш өмір, мол табыстар тілейміз! Жұртымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!!

Р.Сағандықов аудан әкімі

Т.Сарманов, аудандық маслихат хатшысы

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз